Қылмыстық істер бойынша сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау мен процесуалдық шығындарды өндіріп алу. Бүгін Жоғарғы соттың пленарлық отырысында Жоғарғы соттың 5 нормативтік құқықтық қаулысы талқыланды. Олардың екеуі жоғарыда аталған қылмыстық сот процесін жүргізуге қатысты. Аталған қаулыда сот шешімін қандай жағдайда қайта өзгертуге болатындығы нақты түсіндіріледі. Сондай-ақ, азаматтық сот процесін жүргізуге қатысты да Жоғарғы соттың екі нормативтік-құқықтық қаулысы талқыға түсті. Атап айтсақ, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы заңнаманы қолдану туралы қаулылар талқыланды.
Асқаржан Кенжеғарин, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
- Қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарау туралы қаулыда жаңадан ашылған мән жайларға не жататындығы, қай сотқа өтініш хат түсіру керектігі, соттарда бұл өтініш хат қалай қаралатындығы туралы түсініктемелер берілген. Бұл нормативтік-құқықтық акт тек судяьларға ғана емес, тараптарға да тиімді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.