«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ұлттық арнаның шығармашылық ұжымын төл мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ұлттық арнаның шығармашылық ұжымын төл мерекемен құттықтады

29.06.2018

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Ұлттық арнаның шығармашылық ұжымын төл мерекемен құттықтап, төрге шығарды. Майталман мамандар «Қазақ телевизиясына 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Еңбегі еленіп, құрметке бөленгендер қатарында тілші де, тілшінің мәтінін тексеретін шеф-редакторлар да бар. Бөлім басшылары, ардагер қарымды қаламгерлер, режиссерлер мен арнаның мұрағатын қаттап отыратын және техникалық қызметкерлер де ескерусіз қалмады. «Алғыс хат» алып, «Құрмет грамоталарымен» мерейлері өсті. Бұл көрермен үшін күндіз-түні көл-көсір дүние әзірлеуге ынталы топқа корпорация басшылығының танытқан ықыласы болатын. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу