Түркістан облысындағы 4 ауданның шекарасы белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы 4 ауданның шекарасы белгіленді

28.06.2018

Бүгін Үкімет қаулысымен Түркістан облысындағы жаңадан жасақталған Мақтарал, Сарыағаш, Жетісай және Келес аудандарының шекаралық аумақтары белгіленді. Осы құжатқа сәйкес, Сарыағаштың жер көлемі 417 мың гектар болып белгіленді. Оның солтүстік бөлігі Қазығұрт және Арыс ауданына, батысы Сырдария өзеніне барып тіреледі. Ал, Сарыағаштан бөлініп, өз алдына дербес аудан мәртебесіне ие болған Келестің аумағы 345 мың 129 гектар болмақ. Бұл төрт ауданның ішіндегі жер көлемі жағынан ең үлкені Жетісай болып отыр. Оның алып жатқан аумағы 104 мың  гектар. Ал, төртінші Мақтарал ауданының халқы енді 807 мың гектар жерге иелік етеді.  Жалпы, бұл төрт ауданның да шығыс жағы Өзбекстан Республикасымен  шектесіп жатыр. Олар көрші елдің Сырдария, Жызақ, Ташкент облыстарымен көрші қонаған. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу