Ақтауда «Forte Bank» филиалының жаңа кеңсесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Forte Bank» филиалының жаңа кеңсесі ашылды

28.06.2018

Өңір тұрғындары енді заманауи ғимаратта банк қызметін пайдалана алады. Жаңа офистің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты. Шара аясында қос тарап өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бүгінде  облыста 34 000 жеке тұлға, оның ішінде 3000 жеке кәсіпкер осы банктің тұтынушысы. Қаржы институты түрлі бағытта қызмет көрсетеді.

Жаңа ғимарат заманауи банктік қызмет көрсету талаптарына сай. Жеке және заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін бар жағдай жасалған. Халыққа сапалы қызмет көрсету - банк стратегиясының басым бағыттарының бірі. Жаңа кеңсенің интерьері де өзгеше. Банктің тәулік бойы тоқтаусыз қызмет көрсететін банкоматтары мен терминалдары да бар. Сондай-ақ, мұнда клиенттер кезек күтпейді олар кейбір қызмет түрлерін өз беттерінше-ақ атқара береді. Мобильдік қосымшаның көмегімен банктің барлық қызметтерін тұтынуға болады. 

Гүлнар Тәжіғұлова, «МО Fortebank» АҚ директорының орынбасары:

- Елдегі банктік карталардың барлық пайдаланушылары үшін мобильдік қосымшаны аштық. Кез келген банктің клиенті бола тұрып, Сіз «Forte Bank» қосымшасын жүктеп, өз картаңыздың нөмірін енгізіп, тіркеле аласыз және осылайша біз барлық қызметтерді пайдалануды ұсынамыз. Біздің сервиске 200 мыңнан астам қазақстандық баға берді, ай сайын мобильдік қосымша арқылы 2 миллионға жуық транзакция жүргізіледі.

Облыста «Бизнестіӊ жол картасы 2020» бағдарламасы шеӊберінде кәсіпкерлердіӊ банктегі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау «Forte Bank» арқылы жүреді. Өткен жылы жалпы құны 2,5 млрд. теңгенің 28 жобасы қаржыландырылды. Өңірлік филиал бөлінген қаржыны мақсатты игеруде алдыңғы шепте. Сондай-ақ, елге сапалы қызмет көрсету бойынша да көшбасшы.

Талғат Ешман, «МО Fortebank» АҚ директорының орынбасары:

- «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мөлшерлемесі 8,5 % пайыз болса, меморандумға сәйкес, оның 7,5 %-ын Маңғыстау облысының әкімдігі субсидиялайды. Нәтижесінде клиенттің субсидиялау бағдарламасы бойынша мөлшерлемесі 1%-ды құрайды. Барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерге біздің банктің есігі әрқашан ашық. Шағын және орта бизнес нысандарына қажетті несиені беретінімізді хабарлаймыз.

Жаңа кеңсенің ашылуымен қатар «Forte Bank» қаржыландырған «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың бірінші шартына қол қойылды. Енді екі тарап кәсіпкерлік саласын дамытуда бірлесе қызмет атқарады.

 

Ақсындар ТАБЫЛДЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу