Ғылыми бірлестік құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми бірлестік құрылды

28.06.2018

Ауыл шаруашылығы саласын қамтыған халықаралық ғылыми орталық құрылды. Бүгін, тиісті шешім агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жүйесінің негізгі мәселелеріне арналған кеңесте қабылданды. Консорциумның басты мақсаты - ауыл шаруашылығы ғылымын алға қарай сүйреу.

Еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарының басын қосқан орталық өнімнің сапасын да, өнімділігін де жақсартуға септеседі, -дейді қатысушылар. Ғалымдар алдағы уақытта ауруға төзімді, сапасы стандарттарға сай, ыстыққа шыдайтын бидайдың сортын шығаруды мақсат етіп отыр.

Мемлекет биыл аграрлық ғылымның дамуына 15 миллиардқа жуық қаржы бөлді. Бұл бұрын болмаған жағдай. Осының арқасында ауыл шаруашылығы ғылымы алға нық қадам басады деген сенімім мол,-дейді ғылыми орталық жетекшісі.

Кенже Абдуллаев, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры:

Президенттің Жолдауында жақсы айтылды. Өнімді 2,5 пайызға көтеру өте қиын.

Хабарламаларға жазылу