48 лауазым иесі қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

48 лауазым иесі қызметінен кетті

28.06.2018

Жазаға кесілген лауазым иелерімен түрмеде сыбайластыққа барған бірқатар қызметкерлер жұмыстан қуылды. Нақтырақ айтсақ «Астана ЭКСПО-2017» басқармасының экс төрағасы қамауда отырған Талғат Ермегияевпен заңсыз қарым-қатынас орнатқаны үшін Алматының бұрынғы прокуроры қызметінен кетті.

Ғабит Миразов абақтыда жатқан Ермегияевтің анасының емделуіне жәрдем етіп хабарласып тұрған. Тек ол емес Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы да қызметімен қош айтысты.

Сәрсенов Талғат Ермегияевтің өтінішімен Ақмола облысындағы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тексеру қорытындысына оң нәтиже берген»,-дейді агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке 278 тұлға тартылды. Оның 48-і қызметінен босатылған.

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Ұлттық бюро құрылымдары тергеген қылмыстық істер бойынша жемқорлыққа ықпалын тигізген мән жайлар мен себептерді анықтауға бағытталды. Әр тергеумен аяқталған қылмыстық іс бойынша, терең саралау нәтижесімен, осындай себептердің алдын алу туралы ұсынулар, тиісті мемлекеттік органдарға енгізіліп, еңбек ұжымдарында қаралады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу