Қарағандыда облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы тапсырылды

27.06.2018

Қарағандыда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы тапсырылды. Байқауға әуелде 100-ден астам үміткер қатысқан. Бұл күні жыл бойы үздік хабарларымен, өткір мақалаларымен жұрттың ықыласына бөленген бір топ қаламгер марапатталды.

«Алтын сұңқар» сыйлығы әдеттегідей «Мамандыққа адалдығы үшін», «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін», «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін», «Алғашқы қадам» секілді 12 аталым бойынша тапсырылды.

Қомақты ақшалай жүлдеге тек журналистер емес, үнемі кадр сыртында жұмыс істейтін фототілші, телеоператорлар да ие болды. Ал, ең басты сыйлық 1 миллион теңге қалалық «5 арна» ұжымына берілді.

Жалпы, өндірісті өңірде халыққа шынайы, жан-жақты хабар тарататын 190-нан астам бұқаралық ақпарат құралы бар. 

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Елбасымыздың БАҚ билік пен халық арасындағы алтын көпір деген сөзі бар. Расында да, журналистер қоғамның қайнаған ортасында жүретін, әділет жолы үшін күресетін жанкешті, жанашыр адамдар деп айтқым келеді. Сіздердің өткір мақалаларыңыз, көкейкесті телехабарларыңыз көп жағдайда жергілікті билік органдарына дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізіп жатады.    

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу