Мәжіліс төрағасы журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын тапсырды

26.06.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап, елдің барлық ақпарат құралдарына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде, еліміздің ақпарат құралдары бүгінде мыңдаған кәсіби маман жұмыс істейтін, үздік техникасы бар, озық технологияларды меңгерген ең маңызды саланың біріне айналды. Осылай деген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, зор денсаулық және шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, биыл екінші рет ұйымдастырылған «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлерін марапаттады. Жеңімпаздарға арнайы тапсырыспен жасалған Парламент бейнесіндегі мүсіндер мен дипломдар табыс етілді. Жалпы, бұл бәсекеге 100-ден астам өтініш түсіп, ең үздіктері іріктеліп алынды.  

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу