Қарағанды облысынан қола дәуіріне жататын көне жәдігерлер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысынан қола дәуіріне жататын көне жәдігерлер табылды

25.06.2018

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданындағы Талды өзенінің бойындағы төбешіктер мыңжылдықтар тарихын жасырып жатыр. Солардың бірі Қотыртас мазарынан қола дәуіріне жататын көне жәдігерлер табылды. Қорымды қазу кезінде жебенің ұшы, жылқы сүйектері және үлкен олжаның бірі атқа жегілген әскери арбаның қалдықтары шыққан. Бұл маңда көне қорымдар өте көп. Олардың түбегейлі зерттелуіне осыдан екі жыл бұрын табылған Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын пирамида тәріздес Қаражартас мазары себеп болып отыр.

Бүгінде археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан шағын қорымдар одан алыс емес. Ал, іргеде Талды өзені ағып жатыр. «Бұл өзен мен көлдердің жағасы адамзат тіршілігінің күретамыры болғанын көрсетеді»,-дейді мамандар.

Игорь Кукушкин, археолог:

- Бұл б.з.д. 2-ші мыңжылдықтың алғашқы ширегіне жататын көне қорым. Мұнда алдымен аттар, сосын оларға жегілген әскери арбаның қалдықтары көмілген. Ерекшелігі осында болып тұр. Бұл сол кездегі ат үстіндегі жаугершілік заманды білдіреді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу