Ұлттық арна қызметкерлері «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жүлдегерлері қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна қызметкерлері «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жүлдегерлері қатарында

22.06.2018

Астанада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай тілшілер салтанатты түрде марапатталды. Байқауға 200-ге жуық материал түскен. Қорытындысында «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» аталымдарында жүлделі орын иегерлері мен бас жүлде жеңімпазы анықталды.

Жүлдегерлер қатарында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының қызметкерлері де бар. Сондай-ақ, мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын насихаттап жүрген журналистер «Құрмет» грамотасы, Алғыс хатпен марапатталды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күндіз-түні жұмыста жүреді. Бір уақыт біз оларды шақырып, құрметтеп жатсақ, ол біз үшін үлкен қуаныш.

Серік Жұмабек, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» телебағдарламасының тілшісі:

- Төл мерекеміз қарсаңында ұйымдастырылған бұл байқау мен үшін бақ та, бап та шапқан жемісті, жеңісті күн болды. Барша әріптесімді шын жүректен жүлделерімен құттықтаймын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу