Халыққа қызмет көрсетіп отырған монополиялық субъектілер ұзақ мерзімді тарифтерді белгілемес бұрын инвестициялық бағдарлама жасауы тиіс. Бұл тозығы жеткен жүйелер мен желілерді жаңартуға ықпал етеді. Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде су, жылу, электр энергиясымен жабдықтау сынды инфрақұрылымдар әбден тозған. Кей өңірлерде ол 90-100 пайыз. Сәйкесінше, тұтынушы сапалы қызмет көре алмай келеді. Сондықтан, ұзақмерзімді тарифтерді белгілеуде тұтынушылар о баста белгіленген инвестициялық бағдарлама, яғни, уәде етілген жөндеу жұмыстарының толық орындалуын талап ете алады.
Гаухар ҚАПАШ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.