Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз орналасқан аймақ. Өңір 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Жер көлемі – 117,3 шаршы шақырымды алып жатыр. Облыста 2 млн. 950 мыңнан астам адам тұрады. Халықтың басым бөлігі қазақтар - 72,9 пайыз. Әкімшілік бөлінісі жағынан 1 республикалық, 3 облыстық маңыздағы қаладан, 11 аудан мен 836 елді мекеннен тұрады. Аймақта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм салалары қарқынды дамып келеді. Облыс орталығы – Түркістан қаласы. Аумағы - 9,4 мың шаршы шақырым. Халық саны - 161 мың адам. Келешекте 600 мыңға дейін жетеді деген болжам бар. Негізінен экономиканың сауда-саттық, көлік-логистикалық, туризм бағыттарына басымдық берілген.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.