«Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымы оқырмандарымен кездесулер өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымы оқырмандарымен кездесулер өткізуде

19.06.2018

Биыл Алматы облысында басылып шығатын «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттеріне 100 жыл. Ғасырлық мерейтой аясында өңірде бірқатар ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Жас ақындар айтысы, мүшәйра, спорттық шаралардан бөлек, газет ұжымы өздерінің оқырмандарымен кездесулер өткізуде.

Алакөл ауданының жұртшылығымен жүздескен қаламгерлер қос басылымның бай тарихымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті. Оқырмандар өз кезегінде газеттің беттерінен қандай мақалалар оқығысы келетінін айтып, пікірлерін ортаға салды. Жетісу өңірінің айнасына айналған қос шығармашылық ұжым аудан тұрғындары арасынан өздерінің тұрақты оқырмандарына сый-сияпат көрсетті. 

Қуаныш Тұңғатар, облыстық «Жетісу» газетінің бөлім басшысы:

- Оқырмандар жазған мақаласының тез шыққанын қалайды. Газетті көбі алдарына жарқырап келген кезде осы қалпында шығады екен деп ойлайды. Бірақ, шынымен де бір газеттің, бір нөмірдің артында 50-100-ге таяу қызметкерлердің еңбегі бар. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу