3 күнге созылатын шара бас қаланың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оңтүстік өңір елордаға ауқымды бағдарламамен келген. Соның алғашқысы Оқушылар сарайында өткізілген «Кино - руханият көзі» жобасы. Елорданың жас қонақтары мен тұрғындары 3 күн бойы тегін анимациялық және көркем фильмдер тамашалай алады. Туындылардың арасында жасөспірімдерді патриоттық рухқа тәрбиелейтін «Отырарды қорғау» және Киелі Қазығұрт анимациялық фильмдері бар. Бұл фильмдер Мемлекеттік басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген.
Нұриддин Пәттев, режиссер:
- Анимациялық фильмдерді жасаған кезде көне ертегілерді алып, қазіргі заманға лайықтаймыз. Қажымұқанды алған кезде тарихшылармен кездесеміз. Балаларды күлдіретін нәрсе қостық. Оның арасына динамика қоспаса, балалар көрмей қояды.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.