Қарағандыда «Men Qazaqpyn» жобасының облыстық жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Men Qazaqpyn» жобасының облыстық жеңімпаздары анықталды

18.06.2018

Қарағандыда «Men Qazaqpyn» халықаралық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Облыстық іріктеуде 30 сайыскер өнерлерін паш етіп, бақ сынасты. Жобаның үш аталымы бойынша үздік шыққан өнерпаздар енді республикалық кезеңге жолдама алып отыр. Дәстүрлі ән номинациясында бәсекелестерін артта қалдырып, оқ бой оза шыққан - Шет ауданының өнерпазы Еркебұлан Ахметов болды. Ал, терме аталымында бас жүлдені Жезқазған қаласынан келген Сағымбай Мәлібеков иеленді. Күй аталымында қазылар алқасын да, көрермен қауымды да тәнті еткен – Қарағандылық Айдар Омарбеков.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу