Басты Жаңалықтар Қазақстанда инвесторларға жасалған жағдайға шетелдік кәсіпкерлердің көңілі толады

Қазақстанда инвесторларға жасалған жағдайға шетелдік кәсіпкерлердің көңілі толады

Шекара сыртынан қаржы тарту саясатына да жоғары баға беріп отыр. Бұл туралы Қытай елінде өткен басқосу кезінде осы елдің бизнес өкілдері айтты. Мемлекет кәсіпкерлерді сырттан шақырту арқылы ел экономикасына серпін беруде. Жаңадан жұмыс орындары ашылып, отандық өндірісті өркендету қолға алынған. 

Лю Аньдун, «Sinosteel Corporation» трансұлттық корпорациясының  бас директоры:

- Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге тиімді ынтымақтастық келісімдерге қол жеткіздік. Біздің бастамамызды Қазақстан Президенті қолдап отыр, демек, жоспарымыздың табысты болатынына сенеміз. Жалпы, Қазақстан тек пайдалы қазбаларға ғана бай мемлекет емес, біз таңдаған металлургия саласында өзіндік тәжірибесі, қолтаңбасы бар іргелі елдердің бірі. Сондықтан, бірлесіп салатын зауыттың екі мемлекет үшін де табысты боларына күмәнім жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу