Басты Жаңалықтар Теміржол тасымалдаушылары жазғы кестеге ауысты

Теміржол тасымалдаушылары жазғы кестеге ауысты

Қала маңы тасымалымен айналысатын электропойыздарды басқару жүйесінде де өзгерістер бар. Әзірге пилоттық режимде істеп тұрған бағдарлама жуық арада толық жұмысын бастайды.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- Жаз маусымындағы жолаушылар легіне үлгеру үшін қосымша электропойыздардың шығып жатқаны белгілі. Солардың бірі Астана-Көкшетау бағытында жүреді. Бұл электропойыздың вагондары үш санатқа бөлінген. Жайлылығына байланысты бағасы да әр түрлі. Электропойыздың басты ерекшелігі, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында олар қала маңы тасымалын басқару және бақылау деп аталатын жаңа жүйе енгізілген. Мәселен, әрбір вагондағы бейнекамералар кірген-шыққан кісілердің санына дейін есептеп береді.

Сергей Балашов, «Қала маңы тасымалы» АҚ бас инженері:

- Бұл жүйе пойыздардың техникалық жағдайын бақылауға, қозғалыс кестесінің сақталуына, жолаушылардың тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл сервистік қызмет сапасын арттыруға сеп болмақ.

Арайлым Мұсағалива - солтүстік өңірлердің тарихын зерттеуші. Айына кемінде 2-3 рет Астанадан Көкшетауға қатынайды. «Теміржол тасымалдаушыларының ұсынып отырған қызмет сапасы мен бағасы толықтай көңілімнен шығады», - дейді ол.

Арайлым Мұсағалиева, жолаушы:

- Салқындатқыштың бәрі жұмыс істейді. Сол бізге өте ыңғайлы. Барғанша демалып барамыз.

Жаз кезінде демалушылар көп баратын курортты аймақтардағы тасымалға ерекше көңіл бөлінбек. Бүгіннің өзінде бірнеше жаңа бағыт ашылған.

Әубәкір Ысмаилов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірінші деңгейлі менеджері:

- Алдағы уақытта да мониторинг жасалады. Егер белгілі бір бағытқа сұраныс болатын болса, сол бағытқа қосымша пойыздар тіркейміз.

«Ал, жаңадан қосылған бағыттарға сұраныс толастамаса, пойыздар жыл бойы қатынайды», - дейді мамандар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу