Ақтаудан инвесторларға халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсететін орталық ашу қажет. Маңғыстауда кеденшілер Әзірбайжан, Иран және Түркия елдерінің консулдарымен кездесті.
Жиын барысында әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлерге қолдау көрсету сияқты мәселелер талқыланды.
Жүктің шекарадан кедергісіз өтуі және экспорт-импортты оңтайландыру жайы да сөз болды. Сонымен қатар, Каспий арқылы сауда жүргізіп отырған мемлекеттерде әлемдік тәжірибені енгізу қажеттігі айтылды.
2013 жылы облыстың Каспий аймақтық елдерімен тауар айналымы 190 миллион долларға жеткен. Ақтау порты шетелге жылына 2 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдайды. Көрші мемлекттердің тауарға сұранысы жылдан-жылға артып келеді.
Мутебер Кылыч Коч, Ақтаудағы Түркияның бас консулы:
Әрине, Маңғыстаудың транзитті әлеуеті маңызды және Түркия оған мән беріп отыр. Мен алдағы уақытта екі елдің сауда ынтымақтастығы қарқынды дамитынына сенім білдіремін. Оның ішінде ең маңыздысы - кедендік бірлестік.
Әсел ТҰМАШҚЫЗЫ