«Сондықтан, жазғы мезгілде шет елдерге демалысқа шығарда абай болыңыз»,-деп ескертті мамандар. Ал, қызметін талапқа сай 59 ғана компания жүргізіп отыр. Олар «Туристік Қамқор» қорына 12 млн-нан 36 млн. теңге көлемінде банктік кепілдік ұсынғандар. Бұл қаражат қиын жағдайда туристердің елге қайтарылуы үшін жұмсалады. Қазір қорда 400 млн. теңгеден астам ақша сақталған.
Әрбір турист жолдаманы рәсімдеу кезінде менеджерден туркод сұрауы тиіс. Бұл шифр электронды тізілімде тіркеледі. Айта кету керек, 2010 жылдан бері шет ел асқан 12 мың адам зардап шегіп, 10 млн. теңгедей шығын келді. Мұндай келеңсіздіктер тікелей туроператорлардың кесірінен болған. Сондықтан, туризммен айналысатын компанияларға талап қатайтылатын болды.
Жандос Бимағанбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Лицензиялау енгізілгеннен бастап 1144 туроператорлық лицензия алған болатын. Тек қана кіру туризмімен айналысатын туроператорлар қамқорға кіру міндетті емес. Ал, шығу туризмімен айналысатын туроператорлар міндетті. Шығу туризмімен айналысатын, бірақ, жүйеге кірмеген туроператорларды заңсыз жұмыс істейді деп айтуға болады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.