Астананың 20 жылдығына орай шабандоздар атпен 600 шақырымды жүріп өтпек
Бір топ шабандоз атпен 600 шақырымды жүріп өтпек. Астанадан бастау алған экспедиция Ақмола, Қарағанды, Павлодар өңірлерінің Бұйратау, Баянауыл, Қарқаралы сияқты ұлттық парктеріне барады. Арнайы жорық Астананың 20 жылдығына орайластырылып отыр. Салттылар шара арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді дәріптеп, жастарға патриоттық үлгі көрсетуді мақсат етіп отыр.
Айдос Нұрақышев, экспедиция мүшесі:
- Бізге Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп отыр. Биыл шығып отырған сапарымыз халықаралық деңгейде. Себебі, Венгрия елінен мадиярлар келіп бізге қосылып, осы бабаларымыз жүріп өткен жолмен даланың бәрін көргісі келіп отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
