Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Оның сөзінше, мүгедектерді жұмысқа алу үшін компанияларға арнайы субсидия бөліне бастаған. Яғни, 1 азамат үшін 127 мың теңге төленеді. Вице-министр электронды еңбек биржасының жұмысы жайын да айтты. Портал арқылы 5 ай ішінде 112 мың адам еңбекпен қамтылған. Бүгінде сайтта 35 мың бос жұмыс орны жарияланып тұр.
Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Электрондық биржаларға бірқатар кәсіпорын өз вакансияларын көрсетіп, біз мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмысқа алуға дайынбыз дегенді қарастырып жатыр. Қазір 7 кәсіпорын біздің электрондық биржада өз вакансияларын көрсетіп қойған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.