Шығыс Қазақстандағы Ақсуат, Аманат, Жолнұсқау ауылдарында ұялы байланыс жоқ. Тұрғындар электронды қызмет түрлерін пайдалана алмай отыр. Ақпарат және коммуникациялар министрінің азаматтарды қабылдауы кезінде осындай онлайн сауал жолданды. Дәурен Абаев жеке компаниялар интернет желісін халық санына қарай өткізетінін айтты. Дегенмен, 2021 жылға дейін мәселе оңтайлы шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, министрге елімізді жылдам цифрландыру жолдары жөнінде ұсыныстарын білдіргендер де болды. Ал, қабылдауға кіруге мүмкіндік алған үш дос салық және кеден саласына инновациялар енгізуге қатысты жобаларын көрсетті. «Мұнда айтылған барлық ұсыныс-тілектер ескеріледі», - деді министр.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.