Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және сауықтыру орталықтарында демалуда жеңілдіктер берілмек. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Агенттік басшысы мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетінін де айтты. Осындай өзгеріс арқасында қызметкерлердің еңбекақысы екі есеге дейін өспек. Бұдан өзге, халықаралық конференцияда сыбайлас жемқорлықты азайту жоспары айтылды. Шараға 40-тан астам мемлекеттің сарапшылары қатысты.
Әлихан Байменов, Астана Мемлекеттік қызмет хабы басқару комитетінің төрағасы:
- Мемлекеттік басқару барлық бағыттағы дамуға әсерін тигізеді. Сол себепті, конференция тұрақты даму мақсаттары заманындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру сұрағына арналған. Біз бес жылдың ішінде әлемдегі жетекші мемлекеттік қызметті дамытуға бағытталған хабтармен әріптестік орнаттық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.