Астанада жас офицерлер слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас офицерлер слеті өтті

08.06.2018

Болашақ полицейлер аға офицерлердің ақыл кеңесіне зәру. Елордада өткен жас офицерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті кезінде осы ой жиі айтылды. Шараға құқық қорғау органдарындағы қызметін жаңа бастаған офицерлер мен сержанттар қатысты. Сөз алған Ішкі істер саласының майталмандары жас мамандарға қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті ұмытпай, физикалық және психологиялық шыдамдылықты жетілдіру керектігін айтты. Жалпы, слетке еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас полицейлер келген. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу