Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешіті Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» емделіп жатқан науқас балаларға қол ұшын созып, қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында орталықта ем қабылдап жатқан 20 сәбиге қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жалпы сомасы 300 мың теңге көлемінде науқас сәбилерге қажетті жабдықтар, азық-түлік және ойыншықтар тарту етілді. «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы кішкентай бүлдіршіндердің қызығын тамашалап, Рамазан сыйлығын өзі табыстады.
Наурызбай Тағанұлы, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:
- Мақсатымыз - осы айда қолдан келгенше қайырымдылық жасау. Біз қайырымдылықты бірнеше жерде жасап жатырмыз. Бүгін мінекей, «Ана мен балада» науқас балаларға қайырымдылық үлестіріп жатырмыз. Рамазан қайырымды ай акциясын өткізіп жатырмыз
Айгерім ШАЯХМЕТОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.