Қ.Тоқаев Елбасының атынан Рим Папасы Францискті Астанадағы Әлемдік діндер съезіне қатысуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Елбасының атынан Рим Папасы Францискті Астанадағы Әлемдік діндер съезіне қатысуға шақырды

07.06.2018

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан мен Италияға барып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Рим Папасы Францискті Астанадағы Әлемдік діндер съезіне қатысуға шақырды. Ватиканда Киелі Тақтың Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесіп, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша келіссөз жүргізді. Сенат Төрағасы Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынас орнаған 26 жылда жоғары деңгейде өзара толық түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Жүздесушілер жаһандық қауіпсіздікті нығайту және діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды жалғастыруға екі мемлекеттің ұстанымдарының жақындығын атап өтті. 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу