Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі түркі елдеріндегі туризмнің басты нысанына айналуы мүмкін.
Бүгін Алматыда бас қосқан Түркі кеңесің өкілдері аталған тарихи орынға қызығушылардың саны жыл сайын артып келе жатқандығын айтты. Мәселен, демалыс уақытында ескерткіштерді аралауға құмартып, Еуропа мен АҚШ-тан ағылатын саяхатшылар соңғы уақытта қазақ даласындағы тарихи орындарға келуді көбейткен.
Осы мақсатта 2010 жылы Елбасының бастамасымен құрылған «Түркі кеңесінің» мамандары бүгін «Жібек жолы» бойындағы елдердің қонақтарға қызмет көрсету жұмысын талқылады. 4 мемлекетке ортақ «турпакеттерді» ұйымдастыру жағын ақылдасып, пысықтады.
Өмер Кожаман, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары:
- Түркі кеңесіне қазір Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия сияқты мемлекеттер мүше. Бәріміздің мақсатымыз - түркі әлеміне ортақ тарихи орындардағы туризмді бірігіп дамыту. Осы орайда, Қазақстаның алатын орны зор. Өйткені, еуропалық туристердің қызығатын орындарының көбі Қазақстан аумағында жатыр. Мәселен, Түркі әлемінің астанасы саналатын Түркістандағы кесенелерге қызығушылардың қатары қалың.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.