Ғалымдар латын әліпбиіне қатысты емле ережесінің тұжырымдамасын  бекітпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар латын әліпбиіне қатысты емле ережесінің тұжырымдамасын  бекітпек

07.06.2018

Жуық арада ғалымдар латын әліпбиіне қатысты еміле ережесінің тұжырымдамасын  бекітпек. Кейін құжат арнайы комиссияның отырысында қаралады. Атырауда өткен  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар әліпбидің болашағына қатысты ой қозғады.

Ауқымды шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Ресей елдерінен келген ғалымдар мен отандық зерттеушілер қатысты. Олар латын әліпбиінің тиімді тұстарын айтып, осы бағыттағы мәселелерді ортаға салды. «Латын графикасына ауысқан түркі тілдес елдермен тәжірибе алмасып, зерделеу қажет. Өйткені, латынға көшу түркі халықтарын  біртұтас ел етудің басты құралы», - дейді ғалымдар.

Қуат Борашев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы:

- Бұл бағытта қазір тиісті лингвист-ғалымдардың барлығы жұмысқа кірісті. Біз осы маусым айының соңына қарай емле ережесінің тұжырымдамасын бекітеміз деп отырмыз. Келесі кезеңде қыркүйек айында мұны Премьер-Министрдің деңгейінде өткізілетін ұлттық комиссия қарауына талқылауға ұсынамыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу