Қан рагы дертіне шалдыққандарға арналған «Амирам» қайырымдылық қоры таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қан рагы дертіне шалдыққандарға арналған «Амирам» қайырымдылық қоры таныстырылды

06.06.2018

Қоғамдық ұйым қан рагы дертіне шалдыққан үлкендерге көмектеседі. Келешекте қор ауруханада қызмет көрсететін еріктілер мектебін ашуды жоспарлап отыр. Шарада трансплантация жасалып, өмірге қайта оралған науқастардың өмірдерегі баяндалды. «Олардың тағдыры басқаларға үміт сыйлайды», - дейді ұйымдастырушылар.

Марина Чейшвили, «Амирам» қайырымдылық қорының директоры:

- 2012 жылы үлкен ұлым Амирам лейкоз ауруына шалдықты. Оған трансплантация жасау үшін Алматыдан Астанаға көшіп келдік. Өкінішке қарай, бір жылдан кейін ұлым қайтыс болды. Бірақ, оның үлкендерге арнап қайырымдылық қор құру туралы арманы болған еді. Менің мақсатым – баламның сол арманын жүзеге асыру. Қатерлі ісікке шалдыққан жандарға қолдан келгенше көмектесеміз.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу