Талдықорғанда тағы бір адам менингококк инфекциясынан көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда тағы бір адам менингококк инфекциясынан көз жұмды

05.06.2018

17 жасар ер бала 2 маусымда ауырып, маусымның үшінде дәрігерлер көмегіне жүгінген. Талдықорған көпсалалы ауруханасының мамандары бар күшін салғанымен, бозбаланың өмірін сақтап қала алмады. 17 жасар студент Талдықорған медициналық колледжінің I курсын тәмамдағалы жатқан. Ер бала Қаратал ауданының тумасы. Қазіргі таңда баламен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, тексеру, бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, жалпы Алматы облысында менингококк инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелген. Оның алтауының диагнозы зертхана сараптамасының нәтижесімен нақтыланған. Өңірде бұл індеттен 4 адам көз жұмып отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу