Немістер бірлестігі халықаралық конференция ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Немістер бірлестігі халықаралық конференция ұйымдастырды

05.06.2018

«Қазақстандық немістер: адамдар, дәуірлер, оқиғалар». Дәл осындай атауды арқау еткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция бүгін елордада өтті. Қатысушылар қиын-қыстау кезеңде қудаланып келген немістерді бөтенсімей қарсы алған қазақтарға дән риза.

Негізінен немістер 1941 жылы біздің елге жер аударылды. Қазіргі таңда елімізде 180 мыңнан астам этникалық немістер өмір сүреді. Олар Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосты. Солардың ішінен аудармашы-прозаик Герольд Бельгерді, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау секілді тұлғаларды ерекше атауға болады. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «Қазақстандық немістердің» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу