Энергетика вице-министрі үй қамаққа алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика вице-министрі үй қамаққа алынды

04.06.2018

Сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнаманы бұзды деген күдікпен тағы бір Энергетика вице-министрі үй қамаққа алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады. Бақытжан Жақсалиев 2010 жылы мердігер компанияның мүддесі үшін лауазымын асыра пайдаланған деп айыпталуда. Дәлірек айтсақ, Бурабайдағы көлдің бірін тазалау кезінде 863 миллион теңгеге жұмыс істелді деген актіке қол қойған. Тексеріс көрсеткенде аталған жұмыс көлемі 30 есеге артық бағаланып, мемлекетке 746 миллион теңге шығын келген. Айта кету керек, осыған ұқсас қылмыс бойынша наурыз айында тағы бір вице-министр Ғани Сәдібеков те қолға түскен болатын. Сәдібеков қазір үй қамақта отыр.

Нұрлан Жахин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті вице-министр 2015 жылы «Аймак и К» мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдылық өкілеттілігін теріс пайдаланған. Қазіргі уақытта күдіктіге байланысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Яғни, үй қамаққа алынды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу