Бүгін Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнаманы бұзу әрекеттеріне жол бермеу, насихаттау жұмыстары және құқықтық тәжірибені жетілдіру жайы сөз болды. Осы мәселелер бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі есеп берді. Сондай-ақ, Астана қаласы мен Қызылорда және Ақтөбе облысы әкімдерінің баяндамасы тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ