Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2018

Тәуелсіз елдің символдарына 26 жыл толып отыр. 1992 жылғы маусымның 4-де мемлекеттік рәміздер алғаш рет бекітілді. Бұл тарихи сәт егемен ел үшін мәңгі есте сақталады. Ту, Елтаңба және Әнұран - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Көгілдір түсті Туымыз жаһан жұртына Қазақстан деп аталатын жаңа тәуелсіз елдің бет-бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік Ту бекітілді. Егемен елдің Елтаңбасы - қос сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың ерен еңбегінің нәтижесі.  Мемлекеттік рәміздердің бірі - Әнұран. 2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттің Әнұраны болып бекітілді.  Бүгінгі айтулы күнді барша жұрт ерекше мерекелеп, мән-маңызын өскелең ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Хабарламаларға жазылу