Биыл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әріптестікке - 26 жыл. Екі ел қарым-қатынасы үздіксіз дамып келеді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов айтты. Елші бүгін Астанада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Қазір екі ел арасында стратегиялық әріптестік орнаған және үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Сауда-саттық көлемі 1 миллиард 300 млн. АҚШ долларын құрайды. Әріптестікті одан әр дамыту үшін биыл да бірнеше шара жоспарланған. Атап айтсақ, осы айда Вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Ұлыбританияға ресми сапармен барады.
Сондай-ақ, күзде Лондон мен Астанада бірқатар екіжақты шаралар өткізу жоспарланған.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және уәкілетті елшісі:
- Екі ел арасында үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Оның өткен кездесуі Лондонда өтті. Биыл қазан айында Астанада кезекті отырысы өтеді. Бұдан бөлек, осы кеңес аясында іскерлік кеңес жұмыс істейді. Оған біздің тараптан «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов төрағалық етеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ