Есеп комитеті жанындағы кеңестің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитеті жанындағы кеңестің алғашқы отырысы өтті

01.06.2018

Есеп комитеті жанындағы консультативтік-сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтіп, онда осы саланы дамыту жолдары талқыланды. Есеп комитеті жанынан құрылған ұйымның алғашқы отырысына Парламент депутаттары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Алғашқы жиынның күн тәртібінде кеңестің биылға арналған жұмыс жоспары бекіп, мемлекеттік аудитті  қаржылық бақылауды енгізу тұжырымдамасының қорытындысы талқыланды. Мұндай шаралар бұдан былай жылына төрт рет ұйымдастырылады. Онда қаржылық бақылау мен аудит саласындағы мәселелер қаралып отырады.

Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры:

Ұлт жоспарындағы 93-қадамда мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесін, Есеп комитетінің құзырын кеңейту жүктелді. Осыған тиісті заңдар қабылданды. Бүгінгідей кеңестің жұмысы бұл мәселені ілгеріте түседі.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу