Астаналықтар ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды

31.05.2018

Бүгін астаналықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, ашаршылық құрбандары монументіне гүл шоқтарын қойды. Монументтің алдына қала әкімі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың белсенділері келген. Сондай-ақ, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ұлттық аза тұту» күніне бейжай қарамайтын тұрғындар жиналды. Барлығы гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік сақтады. Бұдан бөлек, құрбандарды аза тұтуға жиналған тұрғындар өздерінің ұсыныс-тілектерін де білдірді. 

Марғұлан Боранбай, қала тұрғыны:

- Жалпы, мақсатымыз – 31-мамыр демалыс күні болуы керек деп санаймыз.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу