Астанада іскер әйелдер форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада іскер әйелдер форумы басталды

31.05.2018

Цифрландыру дәуірінде іскер әйелдер ІТ технологияны қалай қолдану керек? Бұл сұрақ Астанада өтіп жатқан «IDEAS FOR WOMEN-2018» форумында талқыланды. Бірінші рет ұйымдастырылған жиын «Төртінші өнеркәсіп революциясының сын-тегеуріндері» тақырыбын қаузады. Форумға Ақпарат және коммуникациялар минстрі Дәурен Абаев қатысып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жайлы баяндады. Бүгінде сандық жүйе әр салаға дендеп енуде. Оның мүмкіндіктерін ескермеген кәсіпкер көш соңында қалады. Сондықтан, іскер әйелдерге жаңа технологиялардың дамуы, қолданылуы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

Баян Тойкебаева, жиһаз компаниясының жетекшісі:

- Жаңа уақыттың талабы бойынша қазір Қазақстандағы әр қалаға сандық технология үлкен әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, біз осында іскер әйелдерді, бүкіл дүниежүзіне белгілі спикерлерді шақырып, шеберлік сыныбын, тренингтер өткізіп жатырмыз.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу