Басты Жаңалықтар Саяси қуғын-сүргінге ұшырап Қазақстан аумағында қаза тапқан жапон азаматтарының тізімі құрылды

Саяси қуғын-сүргінге ұшырап Қазақстан аумағында қаза тапқан жапон азаматтарының тізімі құрылды

Бүгін оның электронды нұсқасы елшілікке табысталды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақстан аумағында 37 мың жапондық болған. Олардың 1,5 мыңы біздің елде көз жұмды. Ғалымдар қаза тапқандардың тізімін құрумен қатар, олардың жерленген орындарын да анықтап жатыр. Жапон тарапының сұранысына қарай кейбір марқұмның сүйегі елдеріне қайтарылуда. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қандай қуғын-сүргін, қиыншылық, депортация болмасын – ол біздің тарихымыз. Сол тарихты өз елдеріндегі үкімет ұйымдарына тапсыруға міндеттіміз.

Итиро Кавабата, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Қазақстан аумағында көз жұмған жапон азаматтары 53 орынға жерленген. Әзірге біз оның 12-ін ғана анықтадық. Бұл алда әлі де атқаратын шаруа көп деген сөз. Қыруар көмек көрсетіп жатқан Қазақстан тарапына алғысымыз шексіз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Бөлісу