Мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына - 120 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына - 120 жыл

31.05.2018

«Тауқыметті тағдыр тарихқа айналған тұлға». Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың 120 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші өтті. Шарада Жанайдар Сәдуақасовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты ғылыми айналымға енбеген тың деректерді айтылып, мазмұнды баяндамалар жасалды. Кеште Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың, Әділет министрі Марат Бекетаевтың, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаттары оқылды. Іс-шараға Алаш қайраткерінің  бауырлары мен ұрпақтары қатысты. Белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов та Жанайдар Сәдуақасовтың қазақ халқына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Хангелді Әбжанов, ҚР ҰҒА академигі, тарихшы:

- Жанайдар Сәдуақасов 1932 жылы аштық басталғанда, 1937 саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақтың жоғын жоқтап, қазақтың азаматтарын қорғады. Халықты ашаршылықтан аман сақтап қалу үшін азық-түлік көмегін ұйымдастырды. Осы еңбектерінен қарап-ақ, Жанайдар Сәдуақасовтың кеңестік идеологияға емес, халыққа қызмет еткенін бағалап, түсінуіміз керек.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу