Атыраудың экологиялық ахуалына өндіріс орындары зиян келтіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудың экологиялық ахуалына өндіріс орындары зиян келтіруде

31.05.2018

Атыраудың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізіп отырған 7 ірі кәсіпорын бар. Олардың қатарына «Теңізшевройл», NCOC, «ҚазТрансойл» сияқты алпауыт мұнай газ компаниялары кіреді. Экологтар былтыр 182 мәрте тексеріс жүргізген. Заңнаманы бұзған 346 мекеме анықталды. Олардың басым бөлігі ауаға зиянды қалдық тастаған. Заңды белшеден басқандарға айыппұл салынып, мемлекет пайдасына 580 млн. теңге өндірілді. Десе де, осы мамыр айының өзінде ауа құрамындағы ластаушы заттардың шектік деңгейден асқаны туралы 92 ақпарат тіркелген. Экологтар арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарын әлі де күшейтпек.  

Қабижан Қапанов, Атырау облыстық Экология департаментінің басшысы:

- Одан басқа, қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуге 53 нұсқама берілген. Жалпы сомасы 6 млрд. 159 млн-ның үстінде. Ол да түгелдей дерлік өндірілді. 2017 жылы жалпы департаменттің келтірілген залалдан өндірген сомасы 22 млрд. теңгеден асқан.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу