Мәжіліс депутаттары балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады

30.05.2018

Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста өздері бастамашы болған төрт заң жобасын мақұлдады. Бұл құжаттар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Депутаттық корпус үшін үлкен нәтиже екені сөзсіз. «Білім» туралы заңға енгізілетін өзгерістер бірінші оқылымда қаралды. Оған сай, дуалдық оқыту жүйеленеді. Ал, біліктілік сертификаты бәсекеге қабілетті ортада беріледі. Кәсіптік білім алып жатқан азаматтар колледже 1 емес, 3 түрлі біліктілікті меңгеріп шығады. Сондай-ақ, модульдік оқу бағдарламасына өзгеріс енетін болады.

Сондай-ақ, төменгі палата депутаттары балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. 2017 жылы 10 мыңнан астам ақпарат бұғатталған. Әлі де оның саны азаймай тұр. «Сондықтан да, жұмыстар жалғаса береді», - дейді мамандар. Балалардың психикасына кері әсерін тигізетін материалдар бірден блокқа қойылады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу