Қазақстан мен Германия елдерінің аграрилері бірлесе атқаратын көптеген іс күтіп тұр. Бүгін «Ауыл шаршуалығын цифрландыру» форумының ашылуында Агротехникалық университет ректоры Ақылбек Күрішбаев осылай деді. Шараға Еуропалық ғалымдармен қоса Мәжіліс депутаттары да қатысты. Екі ел ғалымдары мен компаниялары арасындағы қарым-қатынасты тереңдете түсу. Әрі неміс аграрилерінің үздік тәжірибелерін елімізде қолданысқа енгізу.
Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:
- Ауыл шаруашылығының өнімділігін екі есеге көтеруге болады. Сонда өнім өседі.
Ғабит БӨКЕНБАЙ