Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ғылыми конференция өтті

30.05.2018

Алматыда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиналғандар саяси қуғын-сүргін кезінде болған күштеп ұжымдастыру мен ашаршылықтың тарихына талдау жасап, құрбандарды еске алды. Олардың сөзінше, репрессия тұсында елімізде 100 мыңнан астам адам қуғындалса, 25 мыңы ату жазасына кесілген. Ал, туған елінен жырақтап, шетелге бас сауғалағандар да аз емес. Сондықтан, осы кезеңді әлі де тереңірек зерттеу қажет. 

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры:

- Шынын айту керек, біздің ғалымдардың көбі Қазақстаннан шыққысы келмейді. Тақырып Қазақстан, мұрағаттар Қазақстан, Қазақстан территориясы осы өңірді жақсы зерттейді. Ал, былай сыртқа шықпайды. Өзбекстанда не болып жатыр, Ресейде не болып жатыр деген сияқты.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу