«Ауылым - алтын тұғырым» атты дәстүрлі байқау биыл да жалғасын тапты. Оны «Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталы» бірлесе үшінші рет ұйымдастырып отыр. Жарыстың қорытындысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шығарылады. Алдыңғы екі сайыстың нәтижесі бойынша 450-ден аса өтінім түскен. Олар үш жанрдан тұрады. Поэзия, проза және драматургия. Үшеуінің де тақырыбы - ауыл. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында «Алтын тұғыр» атты жинақтың тұсауы кесілді.
Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясының төрағасы:
- Ауыл тұрғындарының бар болмысы мен қасиетін жырлау осы конкурстың тақырыбына арқау болып келеді.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ