Қызылорда облысында 428 адамды кене шаққан. 4 науқасқа қырым қанды безгегіне күдікті диагнозы қойылды. Бірақ, абырой болғанда, зертханалық сараптама нәтижесінде ол нақтыланған жоқ. Мамандар «жалпы, өңірде эпизоотологиялық-эпидемиялық ахуал тұрақсыз», - дейді. Қолайсыз аймақтар саны да артқан.
Былтыр 117 елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы деп белгіленсе, биыл ол 127-ге жетті. Қазір сол ауыл-аймақтарда кенеге қарсы өңдеу және санитарлық жұмыстар жүріп жатыр.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:
- Бұрын осы күдікті жағдайлар оңтүстік өңірлерде тіркелетін болса, қазір керісінше, солтүстік өңірлерге, зақымдалған кенелердің ариалы сол жаққа қарай бағытталып отыр. Бізде Конго-Қырым гемаррагиялық қызбасын тасымалдайтын иксотты кенелердің 6 түрі бар.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ