Өскемендегі жағажайлар суға түсу маусымына лайық емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі жағажайлар суға түсу маусымына лайық емес

28.05.2018

Жағажай бойына арнайы тексеру жүргізген мамандар біраз олқылықты анықтады. Демалатын орындар күл-қоқысқа толы. Санитарлық нормаға сай емес. «Жағажай жетіспейді, сондықтан, облыс орталығына жақын маңнан тағы бір жағажай ашу қажет», - дейді мамандар. 

Жағажайларды реттеу жайы бұған дейін бірнеше рет көтерілгенімен, әлі нәтиже жоқ. «Көп ұзамай шомылу маусымы басталады, сондықтан, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін мәселені шешу өзекті», - дейді мамандар.

Валентин Литвиненко, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы:  

- Өскемендегі Октябрь аралында және музей қорығы аумағында жабдықталған екі жағажай болады. Екеуінің де кемшіліктері бірдей, санэпидемстанция судың құрамын зерттеуге сынама алмаған және cудың саяз жерін көрсететін қалқыма белгісі қойылмаған.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу