Өндіріс ошақтарындағы оқыс оқиғалардың саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өндіріс ошақтарындағы оқыс оқиғалардың саны артқан

25.05.2018

Биыл жыл басынан бері 17 дерек тіркелген. Зардап шеккендердің біреуі көз жұмды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш бұдан 2,5 есеге аз. Мұндай деректерді индустриялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілі брифинг барысында келтірді. Апаттардың көбеюіне алдымен тозығы жеткен техникамен жұмыс істеу және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болады екен. Жыл басынан бері 300-ге жуық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 11 мыңнан астам қауіпсіздік талабы бұзылғаны анықталды. 

Ерлан Жарқынбеков, Тау-кен және көмір саласындағы жедел алдын алу жұмысы басқармасының басшысы:

- 2018 жылдың 4 айы ішінде өндірістік объектілерде 76 адам құтқарылды, 48 адамға медициналық көмек көрсетілді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу