ОҚО-да ІТ орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да ІТ орталығы ашылды

25.05.2018

Азаматтардың сандық технология туралы сауаттылығын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында ІТ орталығы ашылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы асяындағы бұл жобаны «Нұр Отан» партиясы жүзеге асырды. Орталық 15 компьютер, жоғары жылдамдықты интернет желісімен және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Бұған дейін арнайы оқу курстарынан өткен білікті мамандардың көмегімен енді бұл орталықта жыл соңына дейін 16 мыңдай адам білім алады. Жалпы, бүгінде облыста түрлі салаларға сандық технологияны енгізу бойынша  қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірде бүлдіршіндерді  балабақшаға орналастыру, мектеп оқушыларының күнделігі осы жаңашылдық негізінде жүргізіліп келеді.  

Ардақ Садықова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы ІТ орталықта облысқа қажетті мамандар даярланады. Мысалы, мектептегі информатика пәнінің мұғалімі базалық мамандығының үстінен тағы да жаңа технологияларды меңгеріп, соны бастауыш сыныптарға үйрете алады. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу