Қызылордада «Әлеуметтік балабақша» жобасы жүзеге асырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Әлеуметтік балабақша» жобасы жүзеге асырылмақ

24.05.2018

Республикада баламасы жоқ тың бастама тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен көпбалалы аналарды қолдау мақсатында қолға алынды.  Себебі, тұрмыстық зомбылық көріп,  қиналып жүрген әйелдер көп немесе асыраушысыз баласын жеткізе алмай әбігерге түскендер жетерлік. Қазір облыс орталығындағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығында  26 әйелге  әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Осындай ауыр жағдайдағы келіншектер жас сәбиін енді «әлеуметтік балабақшаға» тегін орналастыра алады. Яғни, олардың жұмыс істеуіне, мамандығы жоқтары қайта даярлау курсынан өтіп, тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік бар.   

Жандос Тұсмағамбетов, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры:  

- Бізге кәсіпкерлер қолдау білдіріп, ғимаратты ұсынып отыр. Барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуде. Мысалы, 3 баласымен келсе, таңертең балаларды тегін үйден алып кетеді. Ал, анасы қалпына келгеннен кейін, баласын ала алады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу